1905 жылы 15 қаңтарда Қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Алқау ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың тамыз айынан бастап 738 атқыштар полкінің құрамында Отан соғысы майданында шайқастарға қатысқан. Ол жарақат алып, 1943 жылдың қыркүйегінен 1944 жылдың шілдесіне дейін ауруханада болды. 3 топтағы соғыс мүгедегі. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған, мерейтойлық медальдары бар. Соғысқа дейін және соғыстан кейін жұмысшы болды.