Бүгінгі таңда ең маңыздысы балаларды мейірімділікке, өзіне, жақындарына, өзінің өмірлік таңдауына жауапкершілікті тәрбиелеу болып табылады. Тек баланың ақылына ғана әсер ете отырып,  мұндай мақсатқа жету мүмкін емес. Оның сезімін көмекке шақыру,  оның жанын қозғауымыз қажет.

22 қарашада Рудный қаласы әкімдігінің "Перцев негізгі мектебі" КММ жалпыадамзаттық құндылықтар күніне арналған сынып сағаттары өткізілді.

1-4 сыныптарда сынып сағаты дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Ересектермен қарым-қатынас оқушыларда отбасылық құндылықтарға, ата-баба мұрасына құрметпен қарауды қалыптастырды.

5-9 сынып оқушылары үшін қарым-қатынас сағаты тренинг түрінде өтті. Бірінші сабақ барысында оқушылар "баға" мен "құндылық" арасындағы айырмашылықты тапты. Екінші сабақ сұхбат түрінде болды, онда оқушылар қарт адамдар рөлінде, ал басқалары интервьюер рөлінде болды. Диалог барысында мынадай сұрақтарға жауап берілді: өмірде ең бастысы не болды, қиын жағдайларда қандай жеке сапа көмектесті, сіз өз отбасыңызға не істедіңіз…

Өткізілген іс – шараның қорытындысы бойынша балалар жалпыадамзаттық құндылықтар - бұл адамгершілік пен өмірдің жоғары идеалдары екенін түсінді. Олар рухани мәдениет ұғымында жүзеге асырылған. Адамзаттың болашағы-мәдени және жоғары адамгершілік адамзат.