Жастар арасындағы қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасайтын басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 2020 жылдың 13 наурызында Рудный қаласы әкімдігінің "Перцев негізгі мектебі" КММ-де оқушылар Рудный қаласының полиция инспекторларымен кездесу ұйымдастырылды.

 

Оқушылармен әңгіме барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы сұрақтар талқыланды. Жасөспірімдерге қандай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді. Сондай-ақ инспекторлар оқушылардың мектепте және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, оқушылардың мұғалімдерге, ересек және құрдастарына құрметпен және дұрыс қарым-қатынасы мәселелерін қозғады. Әңгіме инспекторлардың кәсіби қызметінен алынған нақты мысалдар мен фактілерге негізделді.

 

Оқушылар әңгімеге белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз мәселелерін айтты.

 

Балалар ақпаратқа байыпты қарап, әлем бояуға толы деп сенді: бұл оқу, спортпен, музыкамен, өнермен айналысу, конкурстарға, фестивальдарға қатысу және т. б.