2021 жылғы 1 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің Перцев негізгі орта мектебі" КММ - де 1-9 сынып оқушылары үшін "1 наурыз-Қазақстанда Алғыс айту күні"тақырыбында сынып сағаты өтті.

Сынып сағаты осы мерекенің шығу тегі туралы қысқаша тарихтан, фильм үзіндісі мен викторинадан тұрды. Қорытындылай келе, балалар өз құрдастарына бейбітшілік пен бақытты бейнелейтін суреттер салды.