18 қаңтарда балаларды COVID-19 короновирустық инфекциясынан вакцинациялау мәселесі бойынша жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Кездесу барысында учаскелік дәрігер Муканов Данияр Бахатович: вакцинация туралы негізгі ұғымдар, вакцинацияға қойылатын жалпы талаптар, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцинацияны жүргізу шарттары түсіндірілді. Кездесу короновирустық инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты санитарлық нормалар мен ережелерді сақтаумен өтті.