География пәні мұғалімдерінің кәсіби деңгейін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында 22 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің Перцев негізгі орта мектебі" КММ-де география пәні мұғалімдеріне арналған "География сабағында оқушылардың оқу іс-әрекетінің мотивациясын арттыру" тақырыбында семинар өтті. Семинарда Перцев негізгі орта мектебінің география пәні мұғалімі М.Е.Темирбаев, "Рудный қаласы білім бөлімінің кешкі мектебі"КММ мұғалімі К.М.Джумагалиева өз тәжірибелерімен бөлісті.